Жаңалықтар

Байлардың тойына апарып, ақшасын өзі жаратты. Айтыскер қыз Тұрсынбектің әйелін айыптады

Байлардың тойына апарып, ақшасын өзі жаратты. Айтыскер қыз Тұрсынбектің әйелін айыптады
Фото: instagram.com/tleutai.aisholpan /instagram.com/tursynbek_kabatov_official 17.05.2023 09:44 31105

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай экс-продюсері, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова туралы бар шындықты жайып салды. Ол жас қызға келісімшартта көрсеткен еңбекақысын бермеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Мөлдір Мұқанова айтыскер қыздың телефон көтермей, бірнеше рет жоғалып кеткенін айтып, жұмысты тоқтатқанын жеткізген. 

Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген. Барлықтарыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын, - дейді Айшолпан Тілеутай.

Ол ешкімнен қорықпайтынын, Астанаға арман қуып келгенін айтқан. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келген болатынмын. Әкем күзетші, анам ұстаз. Олар сияқты асып-тасып жатқан байлықтары жоқ. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Тек келіп жұмыс істеуді ұсынды деп отыр.

Астанада мені қолдайтын адам бар екен, қорғайтын адам бар екен деп келісімшартқа отырдық. Ол келісімшартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені әзіл әлеміне шығарып,киноға түсіру керек болатын. Киіммен қамтамасыз ету, концерттерге қатыстыру және ай сайын айлығымды беруге міндетті еді. Өкінішке қарай, бірде-біреуін орындаған жоқ. Мені жаз бойы байлардың тойына, депуттардың тойына, министрлердің тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды
- дейді айтыскер.

Оның айтуынша, министрлердің бірі домбыра сыйлаған. Оның бірақ Мөлдір Мұқанова "саған бере алмаймын, мен арқылы алдың" деп өзініе алып қалған.

Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым. Мен тек бір Алладан ғана қорқамын, басқа ешкімнен қорықпаймын. Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар. Аман болыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар. Аяқтан шалмаңыздар. Өтірік айтып, байбалам салмаңыздар.Сау болыңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді,, - деп сөзін аяқтады айтыскер ақын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aisholpan.Tleytai (@tleutai.aisholpan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға