Жаңалықтар

Байден: Ресей БҰҰ Жарғысының негіздерінің барлығын бұзды

Вашингтон Ресейдің НАТО елдеріне шабуылына жол бермеу үшін одақтастармен тығыз жұмыс істейді.
Байден: Ресей БҰҰ Жарғысының негіздерінің барлығын бұзды
Фото: dw.com 22.09.2022 00:27 1210

Бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Байден әлемде бір адамның қалауымен ешкімге қажетсіз, жойқын соғыс жүріп жатқанын еске салды. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі көршісінің аумағына басып кірді, егеменді мемлекетті әлем картасынан өшіруге тырысып бағуда. Ресей БҰҰ Жарғысының негіздерінің барлығын бұзды, - деді АҚШ президенті.

Байден бүгін Ресейде басталған ішінара мобилизациялау туралы шешімге және АҚШ президентінің айтуынша, Кремль Украинаның бір бөлігін аннексиялау үшін өткізетін референдумдарға түсініктеме берді. АҚШ басшысы Ресей құрамына Киев бақыламайтын аумақтардың кіруі туралы ықтимал дауыс беруді көз бояушылық деп бағалады. 

Путин Ресейге қауіп төніп тұрғандықтан, оған осылай әрекет ету керек деді, бірақ Ресейге ешкім қауіп төндірмеді. Ресейдің өзінен басқа ешкім қақтығысты қаламады, - деді Америка басшысы.

Байден Ресейдің Украинаның азаматтық және мәдени нысандарына жасаған шабуылдарын, сондай-ақ азаматтарды жаппай өлтіруді айыптады. 

Аталмыш соғыс Украинаны мемлекет ретінде өмір сүру құқығынан айыруға бағытталған, - деді АҚШ президенті.

Байден тағы бір рет Украинаға қолдау білдіріп, АҚШ соғыстың аяқталғанын қалайтынын білдірді. 

Вашингтон Ресейдің НАТО елдеріне шабуылына жол бермеу үшін одақтастармен тығыз жұмыс істейді, - деді Байден.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға