Байдарка мен каноэ есу: отандық спортшы әлем чемпионатының финалына шықты
22.08.2025 20:13
Фото:
ҚР ҰОК
Байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы каное-жалғыз бағдарламасында 200 метр қашықтыққа ескек есуден жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Осының арқасында ол А финалына шықты. Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді.

