Жаңалықтар

Байбек Қыдырғалиге айыппұл салу бойынша ақпарат шықты

Байбек Қыдырғалиге айыппұл салу бойынша ақпарат шықты
Фото: Фото WhatsApp-тан Қыдырғали Байбек 13.07.2023 21:17 886

Астана қаласының әкімдігі хабарлама жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ беттерінде Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы қызу талқыланып жатыр. Осы жағдай бойынша Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мынаны хабарлайды.  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін тексерулер жүргізу және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы органдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізеді. МИБ өтініші негізінде Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлына қатысты мемлекеттік органмен келісілмеген қайта жабдықтау және кіру тобын қайта құру фактісі бойынша стандартты тексеру жүргізілді. Сот шешімімен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, биыл қала бойынша осыған ұқсас өтініштер негізінде жүргізілген тексерулердің нәтижесіне сәйкес қала тұрғындарына 266 айыппұл салынды. 

Сондай-ақ бұзушылықтарды жою жөнінде 101 ұйғарым берілді. Мұндай тексерулер тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша көптеген бұзушылықтар анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға