Жаңалықтар

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер әлемі жайлы не білеміз? Мәңгілік жасыл киімін шешпейтін қандай ағаштар бар?
16.06.2015 10:44 15976

Жыл маусымының қай кезінде де сұлулығы көз тартатын Баянауыл өңіріне көрік бітіріп, ажарландырып тұрған жасыл желек пен өсімдіктері, жайқалған гүлдері екені даусыз. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер әлемі жайлы не білеміз? Мәңгілік жасыл киімін шешпейтін қандай ағаштар бар?

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Сан алуан бояулы алқап, қайыңдар мен теректердің бүр жарған жапырақтары, оңтүстіктен ұшып келген құстардың үні, ернеуінен асып төгілген бұлақтар – бұл ұлттық парктің көктемгі бейнесі. Адамдарға толы жағажайлар, қалың өскен бүлдірген мен саңырауқұлақтар, туристік жарыстар мен ұзақ жорықтар, көгілдір күн мен ашық аспан – бұл жазғы келбет. Мамық қар жамылған жасыл бояуынан қарағайдың әдемі бұралған бұтақатары, таулар, ақ түстің арасында қара дақтары ерекше көрініп тұрған қайыңдар, мұздарының түсі құбылып тұратын көлдер, жым-жырт тыныштық – бұл әсем табиғаттың қысқы ажары. Мәңгілік жасыл киімін шешпейтін қарағайдан өзге өсімдіктер сары түске бөленген, адамдардың дабыры бәсеңдеген, жылы жаққа бет түзеген құстар, саф ауа ұлттық паркте күзде салтанат құратын мезгіл. 

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Горчаковскийдің мәліметтері бойынша Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 441 жоғары тамырлы өсімдіктер өсетіні белгілі болған.  Қазақстан Республикасы  қоршаған ортаны қорғау министрлігі тапсырысымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет қызметкерлері 2005 жылмен 2008 жылдар аралығында «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» бағдарламасына сәйкес ғылыми зерттеу жұмысын  жүргізіп,  485 түрлі өсімдік бар екенін анықтаған. Олар жалпы саны 4 бөлімге, 6 санатқа, 72 тұқымдасқа, 260 текке бөлініп, жіктелген.

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Ал, «Ecology Buseness Consulting» ЖШС қызметкерлері жаңадан қосылған жер телімдерін ескере отырып, зерттеу жүргізу нәтижесінде 500-ге жуық өсімдік түрін анықтаған. Ең көп таралғаны күрделігүлділер (Asteraceae), астық тұқымдастар (Роасеае), раушангүлділілер (Rosaceae), бұршақтылар (РаЬасеае), ерінгүлдер (Eamiaceae) қалампырлар (Caryophylla¬сеае).

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Тамырлы өсімдіктерден басқа, Баянауыл табиғи паркі аумағында бореалды мүктердің тұтас кешені бар, бірақ олар әлі де зерттеуді қажет етеді. Мүктердің 32 түрі бар. Парк аумағында орналасқан ірі су қоймаларында (Сабындыкөл, Жасыбай,Торайғыр, Біржанкөл) балдырлардың 11 түрі анықталды деген дерек бар.

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

      Баянауыл тауларын дала зонасында, құрғақ көк шұнақ - боз-бетеге дала подзонасында орналасқан. Сондықтан өсімдіктер дүниесінің зоналық түрі дала болып саналады. Тауда олар қызылбетеге, сұлылы, көде және бозды формациялар түріне тау қара топырақта шлейфта тау етектерінде таралған және күрең-қоңыр топрақтарда түрлі деңгейдегі шым тастар кездеседі.

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Баянауыл ұлттық паркінің флорасы күрделі, негізінен солтүстік, бореалды өсімдіктерден құралған. Ондай түрлерге кәдімгі қарағай (pinus sylvestris), орман қырықбуын (Eguisetum silvaticum), өзен қырықбуын, мысық табан туысы, дөңгелек жапырақ алмұртшөп және тағы басқалары жатады.

Баянауылдың өсімдіктер әлемі

Баянауыл орманды белдеу зонасының үлесіне 40% тиісті. Және олар қарағай, қараағаш, қайың, терек және көктерек ағаштарымен көмкерілген. Негізгі орман түзуші кәдімгі қарағай болып табылды.

    Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға