Жаңалықтар

Баянауыл жауһарлары туралы аңыздар

Шежірелі Баянауыл жері тау мен тасқа, өзен мен көлге бай өңір. Әйгілі Жасыбай көлі мен Атбасы жартасы, Бейбітшлік құсы секілді тарихи орындар жайлы түрлі аңыздар бар.
19.06.2015 08:05 10440

Шежірелі Баянауыл жері тау мен тасқа, өзен мен көлге бай өңір. Баянауылдың әйгілі Жасыбай көлі мен Атбасы жартасы, Бейбітшлік құсы секілді жауһарлары туралы ел арасында талай аңыздар бар. 

Бейбітшілік құсы

Бір кездері Торайғырдан Сабындыкөл мен Ақкелін алқабына баратын жол Қалпақтастың қасынан өтетін. Сонымен жайлауға мал айдайтын, тауар артқан керуендер жүретін, қонаққа баратын. Қаржас руының ірі байы, сараң да өктемшіл Тасбас сансыз малының өрісін кеңейтпек болады. Сынықтан сылтау тауып, Айдабол руының ауылдарының оңтүстік-шығысқа, Торайғыр көлінің ар жағына қоныс аударуын талап етеді. Олар орынсыз сөзге көнбей қанды шайқас басталады. Тасбастың қарындасы, тоғыз баланың анасы Көгершін мұны естіп, жауласушыларды бітістіруге ұрыс орнына асығады. Ауылдан ат табылмай, жүрісі шабан түйеге мінуіне тура келеді. Сонда Көгершін құсқа айналып, шайқас дабыры жаққа қарай ұша жөнеледі.

Баянауыл жауһарлары туралы аңыздар

Көкшіл сұр қанатты құс ұшып өткен жерлерде сойылдар мен шоқпарлар қолдан түсіп, төбелескендер татуласа бастайды. Қарсыластардың көз алдында сұр қанатты кептер шыңға отырып, тасқа айналады. Өлгендердің мүрдесі жұмыр тас болып, шайқасқа себеп болған алқапты жауып тастайды. Олардың қарғысынан сараң, аяр Тасбас та тасқа айналған деседі. Көгершін Торайғыр жақтан алыстан көрініп, баршаға кез-келген дауды бейбіт жолмен шешуге болатынын ескертіп тұр.

Жасыбай туралы аңыз

Баянауыл қазынасы – көркем, мөлдір, ғажап Жасыбай көлін бір көрген адам өмір бойы ұмыта алмайды. Оның атымен және пайда болуына байланысты аңыздар көп. Солардың біріне тоқталайық. XVIII ғасырда Олжабай мен Жасыбай батырлар басқарған қазақ сарбаздары Баянауыл ормандарында жоңғар қолын талқандайды. Асулардың бірінде осы күнге дейін жау садақшысының қолынан аңдаусызда мерт болған Жасыбайдың мәйіті жатыр. Көл мен асу соның есімімен аталады.

Баянауыл жауһарлары туралы аңыздар

Келесі аңыз былай сыр шертеді: үш ағайынды Олжабай, Кенжебай мен Жасыбай кімнің күшті екенін сынап көрмек болыпты. Қазір Жасыбай зираты тұрған ескі ескі асудан тас лақтырады. Бірінші кезекті Олжабай алады. Кенжебай лақтырған тас Олжабайдың тасының үстіне түсіп, жерге батырады, астынан су шығып, шұңғырды толтыра бастайды. Жасыбайдың тасы да осыларға қосылып, судың атқылап шығуын жылдамдатады, бірақ тастың үстіңгі жағы судың бетінде қалады, кейін беткейіне ағаштар мен шөптер өсіп шығады. Туристер бұл жерді «Махаббат аралы» деп атайды, ал көл Жасыбай батырдың есімімен аталады.

Баянауыл жауһарлары туралы аңыздар

Атбасы жартасы

Жергілікті тұрғындар бұл жартасты Атбасы деп атайды. Шынында жартастың үстінде алысқа, қиырға қараған аттың басына өте ұқсас тұр. Осы тас туралы аңыздардыңбірі Жасыбай батырдың есімімен байланысты. Шайқастың бірінде жауынгердің тамағына жебе кіріп, қансырап, жерге құлайды. Жасыбайдың жорық аты тұяқтардың дүбірінен, жау аттарының аяушылықты білмейтін азуынан, шыңдалған болаттың шыңылынан, адамдардың жан тәсілі айқайынан үрікпейтін. Алайда батырдың қанының иісі оны шошытады. Ол қалың жыныс тоғай арқылы көлге барады, одан соң жықпыл таспен жоғары көтеріледі, шыңға жеткенде Жасыбай көз жұмады. Сол сәтте батырдың аты қайғыдан тасқа айналыпты.

Баянауыл жауһарлары туралы аңыздар

   Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға