Баянауыл ұлттық паркінде 4 турист құтқарылды
04.07.2025 05:25
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Павлодар облысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі аумағындағы Жасыбай көлінің ауданында төрт адам тауға шығып, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Туристер күндіз тау шыңына көтеріліп, бірақ түсу кезінде қиындықтар туған. Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Көмек қажеттігі туралы хабарлама алған Павлодар облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.
ТЖМ құтқарушылары арнайы жабдықтар мен жарықтандыру құралдарын қолдана отырып, таулы жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізді. Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында төрт адам да таудан сәтті түсірілді. Құтқарылған туристерге медициналық көмекқажет болмаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

