Баянауыл құтқарушылары жастарға таудан түсуге көмектесті
15.07.2024 05:36
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодар облысында тауға шыққан екі адам төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туған қыз бала тауға шыққан. Алайда күн батқаннан кейін олар төмен түсе алмады.
Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Бір жарым сағат бұрын, құтқарушылар "Ақбет" тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

