Жаңалықтар

Баян Алагөзова төртінші қызына ұлттық киім кигізіп, фотосессия жасады

Баян Алагөзова төртінші қызына ұлттық киім кигізіп, фотосессия жасады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy 02.09.2024 22:26 821

Танымал продюсер Баян Алагөзова жақында өмірге келген төртінші қызы Алмаға ұлттық киім кигізіп, ерекше фотосессия жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия, бірақ ол суретке түсуді қаламай тұрған сияқты. Көңіл күйі жоқ, - деді ол желіде жариялаған видеосында. 

Ол ұлттық киімдердің арнайы тігілгенін атап өтті.

Біздің үшінші образ. Арнайы Алмуша үшін тігілген киім. Алмуша, жарайсың! Осымен үшінші образын кигізіп жатырмыз, - деді продюсер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға