Жаңалықтар

Баян Алагөзова Салтанат Нүкенова соққыға жығылған видеоға қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова Салтанат Нүкенова соққыға жығылған видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy 04.04.2024 10:38 14802

Отандық танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мейрамханада Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім, мұндай күйде ер адам жанашырлық дегенді мүлде білмейтінін сеніммен айта аламын, - деп жазды Баян Алагөзова.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы маусымда Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі әйелін бірнеше рет пышақ сұққан. Ол ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Ер адам адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылын қатаң режимдегі колонияда өткізді.

Айта кетейік, қазір елорда сотында Салтанат Нүкенованы өлтірді деген  айып тағылған Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға