Баян Алагөзова қыздарының фотоларын көрсетті
01.01.2025 10:02
Фото:
instagram.com/bayanmaxatkyzy
Отбасымен жылы жақта демалып жүрген қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова бүгін екі кішкентай қызының суретін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 2024 жылғы 31 желтоқсанда Instagram-дағы сторисінде Алиса мен Алманың Жаңа жылға бірдей киінген суретін жариялады.
Алайда қазақстандық продюсер кішкентай қыздарының түрін көрсетпеді, ол балаларының бетін құлпынай мен алма түріндегі смайликтермен жауып қойған.
Төрт айдан енді ғана асқан сәбилердің айтарлықтай өсіп қалғанын байқауға болады.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

