Жаңалықтар

"Бай болсаң, тоқалың болайын". Елімізде екінші әйел болуға құмар қыздар көбейген

"Бай болсаң, тоқалың болайын". Елімізде екінші әйел болуға құмар қыздар көбейген
Фото: kartinki.cc 05.01.2024 10:15 2845

Мамандар екінші әйел болуға келісетін қазақстандық қыз-келіншектердің көбейіп кеткенін айтып дабыл қағуда. Олар әлеуметтік желілер мен танысу сайттарында тоқал болатынын ашығынан жарнамалайды екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мамандар әлеуметтік желілерде қыз-келіншектер қауымының ауқатты ер адам іздейтін хабарлама тарататынын айтады. Әсіресе танысу сайттарында және неке агенттіктерінде “екінші әйел болуға дайынмын” деген жазбалар көп екен.

Ал сарапшылар қазақ әйелдерінің мұндай рөлге келісуінің себебі оңай жолмен өзін қамтамасыз ету екенін айтады. Алайда бұл балалардың да ананың да денсаулығы мен психикасына кері әсер етеді.  Ал кей жағдайларда ажырасқан немесе бала-шағасы бар жесір әйелдер жар тапқысы келеді екен.

Ер адам екі әйелге де жеткілікті көңіл бөле ме? Ол барлық балаларына қарайлай ала ма? Мұндайда өте қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Салдарынан балалардың психологиялық, ақыл-ойы дұрыс қалыптаспауы мүмкін, – деді психолог Германия Владимиров.

Ал елімізде екінші әйелді айтпағанда дәстүрлі неке де жиі бұзылып жатады. Егер ер адам тоқалын да оңай тастап кетсе онда ол заңды түрде де қорғансыз болады.

Мұндай некенің басты себебі отбасындағы қандай да бір материалдық жетіспеушіліктен туындайды. Соның салдарынан кейбір адамдар тіпті екінші әйел болуға дайын. Ал балаларды әкесінің атына тіркелмесе, онда ата-анасы ажырасқан немесе әкесі қайтыс болған жағдайда мұраны талап ете аламайды. Егер неке рәсімделмесе, балалары оған тіркелмесе, әйел ештеңесіз қалады, – деп түсіндірді Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Гүлнәр Умарова.

Қоғамда көпшілігі қос әйел алуға қарсы. Тіпті қыздарын екінші әйелдікке беруге де тыйым салған. Тіпті елімізде заң бойынша да ерлер тек бір ғана әйелмен некеге тұра алады. Дегенмен мұндай жағдайларда көбіне ер адам екінші әйелмен мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша ғана неке қиып жатады. Немесе әйел ешқандай құқықсыз ер адамның көңілдесі болып өмір сүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға