«Бауыздап, денелерін жасырып қойған». Қазақстаннан барған анасы мен қызын өлтіріп кетті
Фото: Видеодан кадр /youtube.com/@ots-live
Фото: Видеодан кадр /youtube.com/@ots-live
02.02.2024 10:59
8408
Ер адам 39 жастағы әйел мен оның бес жастағы қызын өлтіріп, денесін жасырғанын мойындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Олар 20 қаңтардан бастап, байланысқа шықпаған. Таныстарының мәліметінше, әйел Қазақстандағы мүлкін сатып, Новосібір қаласына ірі ақшамен аттанған. Жаңа көлік сатып алған соң, байланысқа шығуын тоқтатқан.
Жедел іздестіру нәтижесінде, 31 жастағы ММА спортшысы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұсталды.
Ол әйелді бауыздап, қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін жасырып кеткенін мойындады. Күдікті әйелге көлік алуға көмектесіп, басы-қасында жүрген. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ақшасын иемдену үшін қылмыс жасағаны белгілі болған. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды