Жаңалықтар

Батыста да жайылым алқаптары өртеніп жатыр

Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласынан көмек келіп жетті.
Батыста да жайылым алқаптары өртеніп жатыр
Фото: дереккөз 06.09.2022 01:11 1459

Батыс Қазақстан облысында далалық жер отқа оранды, деп хабарлайды EL.KZ БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 09.40-та Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде тіркелді.

Қоңыр ауылынан 15 шақырым жерде шамамен 800 гектар алқапта құрғақ шөп өртенді. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға бастапқыда №18 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдай бөлімі (10 қызметкер, 1 техника) және ерікті өрт сөндірушілер құрылымы (35 адам, 12 техника) жұмылдырылды. Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласынан көмек келіп жетті. Өртті сөндіруге жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен жел кедергі болуда. Қазіргі кезде ТЖД (33 қызметкер, 6 техника), «Орал өрт сөндіруші» ЖШС (5 адам, 1 техника), ерікті өрт сөндірушілер құрылымы (50 адам, 16 техника), орман шаруашылығы (1 адам, 1 техника) күштері жалынмен арпалысуда, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға