Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында киік мәселесі күрделі болып отыр

Аталған облыста киік санының күрт өсуі фермерлерге қолайсыздық тудырған.
Батыс Қазақстан облысында киік мәселесі күрделі болып отыр
Фото: zhaikpress.kz 22.06.2022 14:48 3228

Батыс Қазақстан облысында киік мәселесі күрделі болып отыр, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың Фейсбуктегі парақшасында БҚО-да киіктер санының күрт өсуіне байланысты жайылымдар мен шабындық алқаптарына зиян келіп жатқаны жөнінде облыс фермерлерінен көптеген өтініштер келіп түскені туралы жазды

Киіктердің санын реттеу туралы мәселені шешу үшін Мәжіліс депутаты Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешевке хат жолдаған.

– Кеше осы мәселе бойынша Экология министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешевпен жеке сөйлестім. Мәселе айтарлықтай күрделі. Оны шешу үшін кешенді көзқарас қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігіне киікті ату үшін жағдай жасау қажет, ал бұл өздеріне тиісті киім-кешек, техника, оқ-дәрілер және т.б. қажет болатын арнайы командалар құруды талап етеді. Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі етті, тері мен мүйізді одан әрі қайта өңдеу мәселесін шешуі қажет. Бүгінгі таңда мәселені екі кезеңде шешу қаралып жатыр. Бірінші кезең – 15 шілдеден кейін (жазғы ату) және екінші кезең – күзгі ату, – деп жазды А.Жамалов.

Мәжіліс депутаты барлық іс-шараларды іске асыру үшін шамамен 1 млрд теңге талап етілетіндігін айтты.

– Қаражат бөлу мәселесімен айналысамын. Алдағы уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хатыма берген егжей-тегжейлі жауабынан хабардар ететін боламын, – деп жазды А.Жамалов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға