Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы жер телімдері қытайлық инвесторларға беріле ме?

Батыс Қазақстандағы жер телімдері қытайлық инвесторларға беріле ме?
Фото: © El.kz 23.11.2023 13:00 1389

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қытайлық инвесторларға жалға берілетін жер учаскесінің ауданы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында жалға беру жоспарланып отырған жер ауданы туралы фейк ақпарат таратылуда. Оған сәйкес, 100 мың шаршы шақырым жер берілмек.

БҚО әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

100 мың шаршы шақырымдық жер туралы сөз болған жоқ. Шетелдік инвесторларға жерді жалға беру мәселесі қаралып жатқан жоқ, сондай-ақ Жер кодексіне сәйкес шетелдік тұлғаларға жерді сатуға тыйым салынады,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, желіде 100 мың шаршы шақырым жер қытайлықтарға берілетіні туралы ақпарат таралған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға