Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы су тасқыны: 238 адам туысының үйіне орналасты

Батыс Қазақстандағы су тасқыны: 238 адам туысының үйіне орналасты
Фото: gov.kz 15.03.2023 21:00 1205

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Жұмыстар Бәйтерек ауданында, Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында жүргізілуде. Су басқан аудандарда тәулігіне 40 000-нан астам текше метр су сорылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласының шегінде Дерқұл және Шаған өзендерінің арналарында су деңгейіне мониторинг жүргізу үшін бақылау бекеттері қойылды, олар сағат сайын өлшеулер жүргізеді және жедел шараларды уақтылы қабылдау үшін осы өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуі бойынша жағдайды бақылайды.

Тартылған құрылымдардың жедел жұмысының арқасында  су басқан 6 үйден су толығымен сорылды, бұл Сырым және Теректі аудандарының эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғынына өз үйлеріне оралуына мүмкіндік берді.

6 күн бойы құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бәйтерек ауданының Зеленое ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізді. Қабылданған шаралардың арқасында осы ауылда тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Бүгінгі таңда өзендегі су деңгейі төмендеп, ауылды су басу қаупі жойылды.

Бәйтерек ауданының Достық ауылында инертті материалдарды төсеу бойынша қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде тұрғын үйді су басуға жол берілмеді және басқа үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды.

Тартылған құрылымдардың жедел жұмысының арқасында Сырым және Теректі аудандарында су басқан 6 үйден су толығымен сорылды, бұл эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғынына өз үйлеріне оралуына мүмкіндік берді.

Қалған эвакуацияланған 33 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 238 адам туысының үйіне орналастырылды. 280-нен астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев Батыс Қазақстан облысының елді мекендеріндегі көлік қатынасынсыз қалған жағдай туралы айтып берді. Осылайша, бар қауіп-қатерлер мен болжамдарды ескере отырып, құтқарушылар су тасқыны басталғанға дейін күні жақын жүкті әйелдер мен  медициналық көмекке мұқтаж адамдарды су тасқыны басталғанға дейін алып шықты.

Жалпы 11 жүкті және екі науқас адам сол жерден шығарылды. Олардың бір бөлігі су баспаған елді мекендердегі аудандық ауруханаларға, енді бір бөлігі туыстарының үйлеріне орналастырылды, - деп Қанат Доспаев түсіндірді.

Сонымен қатар, Қанат Доспаев ауылдарда азық-түлік дүкендері бар екенін айтты. Дүкен иелері өнімдердің қажеттілігі туралы мәліметтерді әкімдіктерге береді, оларды әкімдіктер сатып алады, ал азық-түліктерді құтқарушылар жүзу құралдарымен және өтімділігі жоғары техникамен жеткізіледі.

Қанат Доспаев барлық елді мекендерде электр қуатына байланысты орын алған  ақау тез арада жойылғанын атап өтті.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарымен, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамнан 1000-ға жуық адам, инженерелік техниканы, мотопомпаларды, жүзу құралдарын, тікұшақты қоса алғанда 400-ден астам бірлік техника қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға