Жаңалықтар

Батыс Қазақстандағы кадрларды Алтай Көлгінов тағайындай ма? Облыс әкімі жауап берді

Батыс Қазақстандағы кадрларды Алтай Көлгінов тағайындай ма? Облыс әкімі жауап берді
Фото: © ОКҚ 26.05.2023 13:03 951

Батыс Қазақстан облысында әлі де Алтай Көлгіновтің билігі жүріп тұр. Вице-премьер Алтай Көлгіновтің Батыс Қазақстандағы кадр таңдау мәселесіне араласып отырғаны рас па? Бұл сұраққа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алтай Сейдірұлы бұған дейін облысты басқарды, қалалық әкімдікте болды. Енді өздеріңіз қараңыздар. Облысты, қаланы басқарғаннан кейін барлығымен тікелей байланыста болды. Бәрімен бірге қызмет етті. Онда мен облыстың халқын немесе кадрлардың барлығын ауыстыруым керек. Екіншіден, бұған дейін өңірді басқарған басқа облыс басшылар да осы кадрлармен жұмыс істеді. Барлығы жергілікті кадрлар, - деді Нариман Төреғалиев.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында таралған "Тәжірибесі жоқ кадрларды тағайындайды" деген сұраққа жауап берді.

Мынау қойылған кадрлардың барлығы да "Мемлекеттік қызмет" заңына сәйкес арнайы квалицикалық талаптар бойынша қабылданған. Мен ол талаптарды ескермей, тағайындаймын десем де болмайды. Сондықтан да заң аясында талапқа сай тәжірибесі бар мамандар тағайындалды. Халықтың пікірі әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, тағайындалған барлығы да төменнен бастап, меритократия заңымен келіп, өңірде істеген, тәжірибесі мен білімі жеткілікті мамандар. Сондықтан да Алтай Сейдірұлы, басқа адамның араласады деген қате пікір. Кадр тағайындауда ешбір адам араласа алмайды. Оған мемлекеттің заңы бар. Ол заңнан мен аса алмаймын, - деп түсіндірді облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға