Батыс Қазақстанда жер сілкінді
10.04.2025 11:08
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Жер сілкінісінің ошағы Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде болған. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2025 жылдың 10 сәуірінде Астана уақыты бойынша 01:40-та (Гринвич уақыты бойынша 9 сәуірде сағат 20:40) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - делінген хабарламада.
Орталықтың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы mb=4,3 болды. Энергетикалық класс K=9,1.
Зардап шеккендер, дүмпулердің сезілуі мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының порталында Қазақстанның батысында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

