Батыс Қазақстанда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
10.04.2023 20:17
712
Оқиға 8 сәуір күні сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті.
ЖКО кезінде 33 жастағы Hyundai Sonata жүргізушісі каннабиоидтарды (марихуана) қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болған.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Алдыңғы жаңалық
Иракта заңсыз жұмыс істеген 20 қазақстандық ұсталды
Келесі жаңалық
Шымкентте құрылыс компаниялары жазаланды