Батыс Қазақстанда көлік қаққан тұрғын оқиға орнында қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысы аумағында жаяу жүргіншіні көлік қағып, өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкілік тіркелген. Орал-Бузулук арасындағы жолды жаяу кесіп өтіп бара жатқан адамды жеңіл көлік қағып кетті.
Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында демі үзілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Алдын ала белгілі болған дерек бойынша, оқиға болған аумақ жарықтандырылмаған көрінеді. Бұл жерде былтыр күзде де тура осындай қайғылы болып, бір адам бақиға аттанған еді. оқиға болып, ер адам көз жұмған.