Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 8 мыңға жуық адам туыстарының үйін паналап жүр

Батыс Қазақстанда 8 мыңға жуық адам туыстарының үйін паналап жүр
Фото: ОКҚ 03.05.2024 17:05 454

Өңірде су басу қаупі сейіліп келеді. Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап төмендеп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Ақжайық және Теректі аудандарында жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы бақылауда. Тәулік ішінде эвакуацияланған адамдар жоқ, – деді спикер.

Бүгінде Тайпақ ауылында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілгені байқалады. Соңғы тәулікте 55 см дейін көтерілген, қазіргі деңгейі 8 м 5 см құрап отыр. Облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.

Жалпы, облыс бойынша су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарына 8899 адам, 177 бірлік техника, 24 су сору құралы, 19 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған.

Жалпы тәулік бойынша эвакуацияланған адамдар жоқ. Жалпы табиғи апат басталғалы бері 14 мың 78 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і бала. Қазіргі таңда өңірдегі 12 эвакуациялық пункте 2 324 адам бар. Оның – 1014-і бала. Туған-туысқандарының үйлерінде 7 409 адам орналасқан. 4 345 адам үйіне оралды, - деді облыстық ТЖД ресми өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға