Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 570 шақырым жол жөндеуден өтеді

Батыс Қазақстанда 570 шақырым жол жөндеуден өтеді
Фото: gov.kz 26.05.2023 12:26 651

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса,  1414 шақырым жол республикалық маңызға ие. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында 74 млрд теңгеге 570 шақырым жолды жөндеу көзделуде. Әсіресе республикалық маңызы бар автомобиль жолдары басты назарда. Атап айтар болсақ, ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 245 шақырым жолдың 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, 144 шақырымды құрайтын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолының 2 учаскесінде жұмыстар жүргізіліп жатырса, қалған 2 учаскеде жыл соңына дейін мердігерлер анықталып, жұмыстар басталатын болады.

Бұдан бөлек 27 млрд теңгеге 332 шақырым облыстық және аудандық жолдарды жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткізу мүмкіндігі бар, - деп атап өтті Нариман Төреғалиұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға