polisia.kz

Батыс Қазақстанда 465 дана киік мүйізі тәркіленді

07.03.2023 14:42

38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны киік мүйізінің ірі партиясын шаруашылық құрылыста жасырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.