Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 200-ден аса дәрігер жетіспейді

Батыс Қазақстанда 200-ден аса дәрігер жетіспейді
Фото: © Pixabay.com 26.05.2023 13:10 625

Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» пилоттық ұлттық жобасы аясында 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспары бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жоспарланған 24 медициналық нысанның 12-не құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Одан бөлек әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 25 млрд. теңгеге 1000-нан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынатын болады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Батыс Қазақстандағы 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен талапкерлерге 55 грант, республикалық бюджет арқылы резидентураға 88 грант бөлінді.

Жалпы кадр мәселесін шешу бағытында жұмыстанып, шақырту нәтижесінде өңірімізге 13 дәрігер маман кадр келді, - деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысының айтуынша, кадрлардың көпшілігі ауыл-аймаққа барғысы келмейді. Ал барған жағдайда тұрақтамай, қайтып кетеді. 

Ауылға барамын деген адамға 2-ден 5 миллион теңгеге грант беру мәселесін шешу керек. Екінші мәселе,тұрғын-үймен қамтамасыз ету. Үшінші мәселе - келіп жатқан кадрлар біздің өңірде тұрақтаса, шетелдік мамандарды шақырып, тәжірибе алмасуы үшін мүмкіндік жасау. Немесе шетелге жіберіп, қосымша оқытуды қарастыру керек, - деп толықтырды облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға