polisia.kz

Батыс Қазақстан тұрғыны қардан полиция көлігінің мүсінін жасады

22.02.2023 21:16

Достық ауылының тұрғыны Надирдің айтуынша, ол ешқашан полицияда қызмет етпеген және тек тәртіп сақшыларына құрмет көрсету үшін қызметтік көлік мүсінін жасауға ой туындаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

– Мен өзім заңға бағынатын азаматпын, полиция қызметкерлеріне үлкен құрметпен қараймын және барлық азаматтарды құрмет көрсетуге шақырамын. Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте күрделі және қауіпті, бұл адамдар біздің қауіпсіздігімізді сақтайды, – деді Надир Қуанаев.

Айта кету керек, бұл оның алғашқы мүсіні емес, өткен жылы Орал ақ мешітінің көшірмесін және жарыс машинасының мүсінін қардан жасап шыққан.