Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 05.05.2024 03:34 681

Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі 799 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% -ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1185 см. Ол бір тәулікте 23 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинауы 96%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%. Су тасқыны жалғасуда.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 46,2% - ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне ағын жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға