Батыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушімен бірге жанып кетті
07.09.2022 14:35
Фото:
БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды El.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 қыркүйек күні Жаңақала ауданында өрт сөндіру бөлімінен 75 шақырым жерде болды.
«Сағат 17.59-да Чапаев-Жаңақала жолының 55-шақырымында Toyota Hilux автокөлігі аударылды. Соның салдарынан автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде көлік түгелдей жанып кеткен. Құтқарушылар 1973 жылғы ер адамның мүрдесін алып шықты. Көлікте жалғыз болған ол қыстырылып, шыға алмай қалған», деп хабарлады ведомстводан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

