Жаңалықтар

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді
12.08.2019 18:02 3685

Батыржан Смаков - Қазақ ұлттық өнер университетінің дирижері, оның Қазақстанда өте сирек кездесетін ерлер меццо-сопраносы немесе контратенор, ескі операларға арналған ерекше дауысы бар.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Батыржан Қарағандыда 1986 жылы дүниеге келген, ерте жастан бастап музыкамен айналысқан, өзінің 33 жасында біраз жетістіктерге жетіп, дүниежүзіне танымал болды. 2016 жылы қайырымдылықа арналған бірнеше концерттерден кейін «Артист за Мир ЮНЕСКО» деген жоғары аттақа жеткен.

Қанатты сөз: Біз, музыканттар, баламалап айтқанда «шахтер» сияқтымыз: жаңа туындыларды іздеп, «қазып шығарамыз», өзіміз үшін тиянақтылықпен дирижерлік және вокалдық техниканың тереңдігін ашамыз.

Алайда, танымал болып, жоғары беделге жетпес бұрын, Батыржан тағдыр сынағынан өткен.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

– Батыржан, өткен жылдың аяғында сенің республика денгейдегі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына қатысушылардың бірі   болғаның туралы естідік. Бұл үлкен жетістік, құрмет. Саған көп адам дауыс берді. Қатан іріктеу, бәсекелестік, жарыс болды. Өйткені әрбір қатысушысы өзін үздік санайды. Сенің ойыңша, не үшін көптеген адам сені таңдады, дауыс берді?

- Шынымды айтсам, сұрағыңыз қиын. Басқа адамның орнына жауап бере алмаймын. Өзім үшін айтсам, мен әрқашан сапалы дыбыстауға, жаңа бағдарламаларды жасауға ұмтыламын. Маған дауыс берген, маған сеніп, қолдағандардың бәріне алғыс айтамын.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сенің болашақ театр әртісі, дирижер ретіндегі өмірің қалай басталды? Қандай алғышарттар болды. Мүмкін отбасыңда музыкаға құштар адамдар болды ма немесе бірдеңе әсер етті ме?

- Мен қарапайым жұмысшылардың отбасында тудым, әкем шахтер болған, ал анам тігін шеберханасында жұмыс істеген. Балалық шағымнан бастап өнермен айналысқым келген, әсіресе ән айту ұнайтын: түзге шығып ән шырқадым, достарым мен туыстарыма арнап ән шырқадым, сосын мектептегі акт залындағы үлкен сахнаны көрген соң, түсіндім: иә, мен ән айтып, өнер көрсеткім келеді!

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Балалық шағым қиын болды, ерте кезімнен жұмысқа шықтым. 11 жасымда вокзалда балмұздақ сатып жүрдім. Жұмыс пен сабақты қатар жүргізу қиын болғанымен оған шамам жетті. Есесіне жас кезімнен ақша табуға, дербес болуға үйрендім. Вокзалда 8 жыл жұмыс істеп біраз адамдарды, олардын тағдырларын көрдім. Тез есейдім.

Халықаралық конкурстардың лауреаты, соның ішінде «Санкт-Петербургтегі ГранПри» мен Туриндегі Concorso della Musica Sacra» жеңімпазы Батыржан Смаков кәсіби шығармашылығын 2010 жылы Грузия мен Италиядағы оқуынан бастайды. Батыржан 2011-2017 жылдары итальяндық Озимодағы Халықаралық опера академиясында, кейіннен Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы консерваторияда оқиды. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген соң бірден Халықаралық опера академиясына түсуге кетеді. Оны бірден бірінші курсқа қабылдайды. Осындай жетістікке жеткені үшін өзінің керемет педагогі, профессор Алла Симонишвилиге (сопрано) алғысы шексіз. Дәл осы дарынды адаммен 2009 жылы Пуччинидің «Богема» операсына қатысқан кезде Астанада танысады.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Батыржан оның дауысын естіп, сахнада көрген кезде бірден ойлайды: «Міне осы адам менің педагогім және тәлімгерім». Ең қызығы ол да Батыржанды байқап, тыңдап «Сіздің музыкалығыңыз маған ұнайды. Егер аянбай жұмыс істесеңіз, Италияда оқи аласыз» деп айтады. Педагогтің айтқан сөздері Батыржанға жігер береді, ол көп жаттығып, италиян тілін оқып, вокалын жетілдіре бастайды.

- Сен алдымен Грузияда оқи бастадың, кейіннен опера музыкасының Отаны болып саналатын Италияға ауыстың. Неге Грузия? Онда керемет мықты музыкалық дәстүр қалыптасқан ба?

- Мен өзімнің ұстазым Алла Симонидің (Симонишвили) арқасында өзім үшін Грузияны аштым. Сол адам мені Тбилисидағы өзінің шеберлік сабағына шақырды. Бұл мен Озимодағы академияға түсуге барғанға дейін болды.

Жас дарынның дауысы өте сирек кездесетін – контртенор. Кейбір педагогтер оның сабақтарына аса көңіл бөлмейтін, оған сенбеген. Бірақ оның жанында әрқашан қолдау көрсететін достары болды. Мысал үшін, вокал бойынша педагог Роза Тіленшиева – ол бірге сабақ өткізіп, әрбір репертуарды тиянақты құрастырған.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сен Қазақстандағы жалғыз контртенор деп айтады? Бұл не деген сөз? Оның ерекшелігі мен бірегейлігі неде?

- Дауыс – бұл бұлшық ет: сен жаттықсаң, ол дамиды. Бұл әрине өте ұзаққа созылатын, көп еңбек етуді талап ететін процесс. Бірақ нәтиже болады. Тек ерінбеу керек. Диапазон қалыптасады, күш, дыбыс күшейеді, дауыс тембрі пайда болады. Менің педагогтарым өте мықты болды: Гүлмира Құттыбадамова,Дина Кабыкеева, Баян Жүсіпова, Роза Тіленшиева. Осы ұстаздарым менімен 4 жыл қатарынан жұмыс жасады, мені дирижер, әнші, музыкант ретінде қалыптастырды. Дирижерсіз музыкалық ұжымның жұмысын ұйымдастыру мүмкін емес. Ол темп, кіріспе, тоқтау, динамика және сипат береді.Ән айту және дирижер болу – бұл қалыптан тыс жағдай, өте қиын. Бірақ бұл екі мамандық өзара үндес, бір біріне жақын деп айтса болады.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Италияда болған кезіңе тоқталып өтсең: не үйрендің, бұл өміріңде керегіңе жарады ма?

- Мен үшін ең қиыны кету болды. Себебі мен ол кездері Астана мемлекеттік филармониясында хор әртісі болып жұмыс істеп жүргенмін. Дирижер Ержан Дауытовтың камерлік хорында ән айттым. 2010 жылы өзім Астана қаласының № 13 орта мектебінде «Әйелдер хорын» аштым. Сол хормен осы мектепте де, мектептен тыс жерлерде өнер көрсеттік.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Менің шығармашылық өмірім өте қызу қайнап жатты, бәрін тастап кету қиын болды. Бірақ соған қарамастан мен таңдау жасадым, тәуекелге бел буып аттандым. Мен ең алдымен Римге ұшып келдім, сосын поезбен Озимоға жеттім. Емтихан тапсыратын уақыт тақады, ал менде ұйқы жоқ. Біраз қобалжып, қысылдым, қорықтым. Емтихан тапсыратын күні мен пианист Карло Моргантимен репетицияда болдым. Ол бір ойларын айтты, қобалжыған мен түк түсінбедім. Тек басымды изеп, өз бағдарламамды айта бердім. Кейіннен оқуға түскендердің тізімінен өзімнің атымды көргенде қуанғаным-ай!!! Төбем көкке бір елі жетпеді! Менімен бірге оқуға Ресейлік меццо-сопрано Анастасия Пирогова да түсті. Екеуіміз танысып, бір бокал итальяндық виномен оқуға түскенімізді атап өттік.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

-Сен сол Италияда магистратураны да қызыл дипломмен аяқтадың. Жалпы, Италия мен біздің елдегі білім үрдісінің айырмашылығы неде? Әсіресе музыкалық білім алуда ерекшелік бар ма?

- Тұтастай алғанда, біздің білім беру жүйелеріміз ұқсас, айырмашылық тек тәсілдерінде. Мысалы, магистратурада біздер, студенттер үшін жеке хор ұжымын қалыптастырды; ал ән айту өнеріне келсек, мен тек рояль, оркестрмен ғана емес, лютня, клавесин, орган, терба сияқты музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтып үйрендім.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Негізгі қиындық – барлық пәндерді оқып, жаттап, тек италияндық тілде тапсыру қажет болды, магистрлік жұмысты да сол тілде жаздым.

Мен бас кезінде асықпай ежіктеп оқып, педагогтердің айтқанын түсінбейтінмін, кейіннен уақыт өте келе бәрін де үйрендім.

Неге мен Италияны таңдадым? Ең алдымен бұл менің бала кездегі арманым еді. Мен осы елде оқуды армандайтынмын. Шынымен опера өнерінің бастауы, қайнар көзі дәл осы Италия. Керемет опера әншілері Монтеверди мен Глюк, кейіннен Россини, Верди, Пуччини - бәрі де осыдан шыққан жұлдыздар.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Бірақ операдан өзге Италия маған тарихи құндылықтарымен, ескерткіштерімен ұнайтын. Осында келгесін елдің өзіндік ерекшелігін, тілін, ұлттық тағамын түсіне бастадым. Сөзбен көп айтуға болады, бірақ бір рет көзбен көргенге ештеңе жетпейді. Италияда мақал бар: «vediNapoli e poimuori», «Неапольді көрсең болды, о дүниеге де аттануға болады».

Неапольден басқа міндетті түрде «ұлы қала» Римге барып, венециандық карнавалды көру керек, Медичи усадьбасында Флорентия ауасымен дем алу керек. Италия аумағында Еуропадағы ең ежелгі мемлекет Сан-Марино бар. 2013 жылы мен сол қалада Титано театрында халықаралық Сан-Никола хорында дирижер болдым.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Италия менің музыкант ретінде, тұлға ретінде қалыптасуыма үлкен әсер етті: мен итальян тілін, ішінара француз тілін үйрендім. Сонымен бірге Италия ән және дирижерлік мектептеріне және дәстүрлеріне бай ел. Академиядағы оқумен қатар мен халықаралық конкурстарда жюри ретінде қатыстым. Академиядағы 3 жыл оқудан кейін бірден Пезародағы Джоакино Россини консерваториясына магистратураға түстім. Оны қызыл дипломмен аяқтадым. Италияда мен «Перла Верде» опера хорына жетекшілік еттім. Орыс мектебінде музыкадан сабақ бердім.

Жалпы 5 жыл оқу оқыған кезімде мен әртүрлі концерттер бердім, опералық өнердің түрлі саласындағы музыканттармен таныстым. Музыкалық сыншы Паоло Сантареллимен жұмыс істедім, «Ежелгі музыка өнері» тақырыбында бірнеше концерттер ұйымдастырдым. Бұл менің үлкен сахнаға деген алғашқы күрделі қадамдарым болды.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

2012 жылдан бастап мені Римини қаласындағы Православиелік кафедралды соборға регент ретінде шақырды. Шіркеу хорына жетекші болу – Италиядағы жауапты да маңызды лауазым. Мен осы қызметке жоғары жауапкершілікпен кірістім.

Риминиге келген соң, достар тауып, таныса бастадым. Апалы-сіңлілі Марина және Гуйя Вальмаджимен жұмыс істедім. Марина Вальмаджи - заманауи композитор, музыковед, «Миллениум» хорының арт-директоры – мен келген соң осы хордың атауы өзгеріп, «CoroInternazionale San-Nicola (CISN)» деп атала бастады.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Гуйя Вальмаджи, оның апасы - «Миллениум» хорының дирижері, қазір біз Гуйя екеуіміз бірге «Сан-Никола халықаралық хорына» жетекшілік етеміз.

Маринаның өзі: «Біздің хор екі кеудесімен тыныс алады – бірі Гуйяның батыс-еуропалық мәдениеті және екіншісі Батыржанның шығыс мәдениеті»- деп жиі айтады. Осы хормен біз үлкен сахнада өнер көрсеттік, Кивассодағы (Италия) Хорлардың халықаралық конкурсында 2014 жылы лауреат атандық.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сен жасыңа қарамастан көптеген халықаралық конкурстарда жюриге мүше болдың. Сол туралы айтып берсең?

- Иә, мені жюри ретінде конкурстарға жиі шақырады. Өйткені менің тиісті дипломдарым бар, мен жас орындаушыларға жиі консультациялар беремін, вокалдық техникадан үлгілер көрсетемін, шеберлік сабақтарын өткіземін. 2014 жылдан бастап менің өмірімде жаңа бет ашылады – мені Италиядағы «Fiestalonia Italia» атты Халықаралық фестивальдік комитетіне жюри алқасына шақырды. Бұл менің алғашқы тәжірибем болды. Мені шақырған Комитет директоры, синьора Жанна Байбакова. Ол – ұйымдастырушы, сценарист, продюсер, яғни халықаралық деңгейдегі өнер қайраткері, Еуропадан, бұрынғы Кеңестер Одағынан қатысушыларды шақырып, фестивальдер мен конкурстар ұйымдастырады.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Содан кейін Сан-Маринода «Танысу» фестивалі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта мен Астана, Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай), Италия және Америкадағы халықаралық конкурстарға шақыру алып тұрамын.

Біз жоғары деңгейдегі конкурстар ұйымдастырамыз. Ең алдымен бұл ұйымдастыруға, сервиске, өнерге деген құштарлыққа қатысты. Көбіне конкурсанттар өте талантты, дайындықтары жоғары жастар, олардың арасынан мықтысын таңдап алу қиынға түседі. Менің бағыма қарай, жаныңда үлкен деңгейдегі Маэстро -    Франко Бенедетто Морри (ол пианист, бірнеше жыл Павароттимен жұмыс істеген), Клаудио Казадей (Пезаро қаласындағы консерваторияда виолончели кафедрасының меңгерушісі), сондай-ақ Пезаро қаласындағы әнші, сопрано Моника Боскетти отырғанда, таңдау жасау қиындық туғызбайды.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Қалай ойлайсың осындай биікке шығуға саған не көмектесті: талант, еңбексүйгіштік, табандылық, әлде бақ па?

- Менің ойымша, музыка – бұл мақсатқа бағытталған бірізді еңбек, ұлы орыс композиторы Петр Чайковский айтқандай, табысқа жету үшін тек 5 пайыз талант қажет, ал қалған 95 пайыз – бұл еңбектің арқасында келеді.

Әрине біраз қабілет керек, яғни қабілеттер жиынтығы қажет. Соларды дамыту арқылы жетістікке жетуге болады. Италияндықтар «Фортуна» деген сөзді жиі қолданады, яғни бақ, табыс. Бұл жоғарыдан келеді деп ойлаймын. Мен үшін музыка – бұл өмірімнің ажырамас бөлігі, менің бір бөлігім, әрі осы ойды өз бойыңда үнемі жетідіріп отыру керек. Менің есімде, бірде              ұйқылы-ояу Бетховенді ойнап отырғанымда ойыма әртүрлі бейнелер келген. Мен қатты шаршаған кездерімде, яғни стресс болған кезде музыканы ерекше терең түсіне бастаймын. Дәл қазір мен түсіндім: жетістікке жету үшін, қиындықтан өту керек. Өнердегі күйзелістер туралы жиі айтпайды, ал шындап қарасақ, ұлы туындылар «күйзелген» кезде жарыққа шығады.   

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Елге оралған соң сен елордада және Қарағанды қаласында бірнеше концерттер бердің. Сенің қазіргі көңіл-күйің қандай? Еліңе жоғары деңгейдегі, халықаралық дәрежедегі маман ретінде оралған қалай екен?

- Менің Отаным, менің үйім – Қазақстан болды және болады да. Италия әрине ұлы өнер мектебі болғанымен, Отаныңа, кіндік қаның тамған жеріңе ешқашан жетпейді. Ең қызығы осыны шетелде жүргенде түсінесің. Шетелдегі жетістіктеріме қарамастан, мен оқуымды аяқтаған соң еліме келіп «Астан Опера» театрында «Орфейдің оралуы» атты екі жеке концертімді бердім. Сосын «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымында солист ретінде жұмыс бастадым. Мен Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысымын, «Астана Опера» театрының солистімін, Қазақ Ұлттық өнер академиясының Аралас хорының жетекшісі және дирижерімін, сондай-ақ Италиядағы   «Coro lirico Perla Verde» хорының шақырылған дирижері болып табыламын. Көптеген елдерге, атап айтқанда Италия, Грузия, Франция, Египет, Йордания, Ресей, Польшаға концертпен жиі шығып тұрамын. Көптеген халықаралық конкурстарда жюри боламын: Жас Дарын (Қазақстан), «Tanysu» (Сан-Марино), «Jumeirah Sounds» (Дубай) мені жюриге шақырып тұрады.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сені жоғары оқу орындарында, мәдени мекемелерде, соның ішінде шетелге жұмысқа шақырушылар, сенің өнеріңе сүйсінетіндер көп деп естідік. Шын ба?

- Мен шынымен бірнеше шетелдік жоғары оқу орындарымен жұмыс жасаймын. Бірақ бұлардың бәрі әзірше шағын жобалар ретінде ғана. Ал менің өнеріме сүйсінетіндер бар болса, алғысымды айтамын. Олардың болғанына қуаныштымын. Жаңа концерттер және шығармашылық жобалармен оларды қуантуға тырысамын.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Тағы айта кететін жайт, концерттік қызметтен басқа мен оқытушылық қызметпен де айналысамын. Маған сабақ берген ұнайды. Мен өз біліміммен бөліскенді, студенттермен жаңа музыкалық бейнелер іздегенді, талдағанды ұнатамын. Менің ойымша, музыка тілі көп қырлы, сондықтан педагогтің жұмысы өте көп.

- Сен шетелге барған кездері бай қазақ музыкалық мұрасын белсенді насихаттаумен айналысады дейді?

- Италияда мен қазақ дәстүрлерін, тағам дайындау дәстүрін сақтап, насихаттайтыным рас. Менің достарым мен әріптестерім қазақша етті (бесбармақты) ұнатып қалды. Сонымен қатар, кешке қарай жақындарымның ортасында қазақ музыкасын орындағанды жақсы көремін. Шетелдік концерттерде көбіне қазақша туындыларды орындаймын. 2018 жылы біз үлкен мәртебеге ие болдық: композитор Джоакино Россинидің 150-жылдығына арналған мерейтойлық концертіне Қазақ Ұлттық өнер академиясының хорын Пезаро қаласына шақырды. Россини консерваториясында болған негізгі концерттен басқа біз «Ұлы дала дауысы» атты қазақ хор музыкасының концертін бердік.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сенің дискографияңда 4 жеке альбом бар. Не туралы жазасың, ол кімге арналған білуге бола ма?

- Оқып жүрген жылдары мен 4 CD альбом жазып үлгердім. Оның 2-еуі рухани православиелік музыкаға арналған. Қалған екі альбомның аты G. B. Pergolesi «Salve Regina» және «Tempus Fugit». Олар Италия композиторы Джузеппе Канджинидің музыкасы мен өлеңдеріне жазылған. Төртінші альбомның презентациясын қыркүйек айының бас кезінде Қазақстанда Радио Классикамен бірлесіп жасауды жоспарлап отырмын.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сен сонымен қатар бірқатар халықаралық конкурстардың лауреатысың. Мысалы, «Санкт-Петербургтегі ГранПри» мен Туриндегі Concorso della Musica Sacra» жеңімпазысың. Шығармашылық өміріңнің осы кезеңдеріне толығырақ тоқталып өтсең. Сол кездерден жарқын сәттер, естеліктер бар ма?

- Конкурстар - кез келген музыканттың дамуының ажырамас бөлігі. Маған конкурсқа қатысқан әрқашан ұнайтын. Себебі бұл – бәсекелестік орта, өзіңді сынау, басқа қатысушылармен, олардың өнерімен, деңгейімен танысу, тәжірибе алмасу, педагогтермен байланыс, өзің үшін жаңалық ашу. Жақсы конкурстар әдетте бастаушы музыканттар үшін музыкалық мансабында ілгерілеуіне мүмкіндік беретін нарық. Конкурстарға қатысу мен үшін қиын, қызық, қорқынышты болды.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сенің туған қалаң - Қарағанды.Осы қала туралы айтып берсең.

Мен Қарағандыны жақсы көремін. Осында тудым. Бұл – шахтерлер, еңбексүйгіш адамдар қаласы. Біз, музыканттар, баламалап айтқанда «шахтер» сияқтымыз: жаңа туындыларды іздеп, «қазып шығарамыз», өзіміз үшін тиянақтылықпен дирижерлік және вокалдық техниканың тереңдігін ашамыз.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Жақын перспективаға арналған жоспарларыңмен бөліссең..

- Қазақ хор музыкасының антологиясын шығарғым келеді, Қазақстанда ежелгі музыка фестивалін өткізу де жоспарымда бар.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сенің арманың?

- Ең басты арманым - соғыссыз бейбіт өмір. Біздің елімізде, жалпы бүкіл әлемде бейбіт өмір болсын. Еліміздің тұрақтылығы сақталсын.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сен өкінесің бе? Мүмкін кезінде дұрыс жасамадым, немесе керісінше жасадым деген ойлар мазалайды ма?

- Әрбір адамның бойында өкіну сезімі болады. Бірақ өткенге қайтып орала алмаймыз. Болашақ әлі басталған жоқ. Бүгінгі өмірмен санасып, қателіктер жібермеуге тырысып бағамыз. Жасаған қателіктерді талдап, болашақта оны қайталамауға тырысамын. Жарқын болашақ күтіп тұрғанына зор сенім болу керек.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Кімді үлгі тұтасың? Кімге ұқсағың келді? Музыка әлемінде кімді пір тұтасың?

- Мен ұқсағым келетін адамдар өте көп. Мен оларды тізбелеп айтқым келмейді, мүмкін оларға бұл ұнамайтын шығар. Дирижерлікте мен үшін Риккардо Мути, вокалдық өнерде Чечилия Бартоли және Натали Дессей маңызды.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Отандық музыкалық өнерге не жетіспейді? Сен қандай жаңалық енгізер едің?

- Бізде музыкалық мәдениет жақсы деңгейде дамыған. Барокко дәуіріндегі ежелгі музыканы дамытқым келеді. Ал дирижерлікте қазіргі біздің композиторлардың шығармаларын орындасам деймін.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Қазір қандай жұмыспен айналысудасың?

- Моцарт музыкасына терең бойлап, толғанудамын...

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Сен біраз мемлекеттерде болдың. Сен үшін Қазақ халқы Ассамблеясы және әлем халқының достығы нені білдіреді? Осы үш әріптің – ҚХА мәні неде? Осынау күйгелек, тынышсыз әрі нәзік әлемге деген сенің философияң қандай?

- Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Біздің Үкіметтің басты міндеті – этносаралық достық қатынастарды дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта бұл дұрыс саяси вектор деп санаймын. Қазір әлемді шынымен тынышсыздық жайлаған. Көптеген елдерде су жетіспесе, бірінде әскери қақтығыстар, бірінде экологиялық апат болып жатыр.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

- Қазақстан халқы Ассамблеясы сайтының оқырмандарына және сенің шығармашылығың мен өнеріңнің жанкүйерлеріңе сенің тілегің қандай?

- Мен бәріне өзімен және жақындарымен үйлесімділікте өмір сүруді тілеймін. Барлық армандарыңыз орындалсын, ал жоспарларыңыз іске ассын. Бірлік пен ынтымақтастық қана біздің көпұлтты мемлекетімізді дамудың жаңа деңгейіне алып шығады. Мен осыған шын жүрегіммен сенемін.

Батыржан Смаков: Шындап келгенде, ұлы туындылар «күйзелген» сәтте ғана дүниеге келеді

Бөлісу:

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға