Жаңалықтар

«Батыр арулар» байқауында топ жарған сұлулар

Армиядағы айымдар
01.06.2016 09:35 7610

Биыл Қорғаныс министрлігі екінші мәрте ұйымдастырған әскери қыз-келіншектер арасындағы «Батыр арулар» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

Биыл армиядағы айымдардың қарым-қабілеті мен жауынгерлік даярлығын сынға салатын республикалық байқауға 80-нен аса нәзік жандылар қатысты. Үздік әскери қызметші атағы үшін бақ сынаған сұлулар ашық дауыс беру әдісі  арқылы таңдалды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің 12 үздік өкілі анықталды.

«Батыр арулар» байқауында топ жарған сұлулар 

Дауыс беру сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында Қорғаныс министрлігінің сайтында жүргізілді. Бұл уақыт ішінде конкурсанттарға 253 875 рекордтық дауыс саны берілді.

«Батыр арулар» байқауында топ жарған сұлулар 

Бүгін әскери шен таққан әйелдер конкурсының нәтижесі бүкіл әлемге мәлім болды. Ресми марапаттауға дейін байқау финалистері жауынгерлік айла-тәсілдер мен далалық жағдайда жаттығуларды орындап, дене және жауынгерлік даярлықтарын паш етеді. Оларға ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатындарын, жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтындарын дәлелдеу қажет болады. Сондай-ақ кәсіби стилистер байқау жеңімпаздарының көркіне көрік беріп, бет-әлпеттерін ажарландыра түспек. Және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұр. Бұл күнпарақтың беттерін «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары ажарландыра түседі.

Биылғы байқауда үздік атанып, топ жарған арулардың есімдері: Ибраева Жанар, Смағұлова Санди, Мұсаева Айжан, Әбуғалиева Айнұр, Рамазанова Римма, Ыдырысова Айгерім, Барақбаева Аяжан, Аязбаева Эльвира, Буткова Айым, Молдашева Эльмира, Қаржаубаева Сымбат, Бектұрғанова Лаура.

«Батыр арулар» байқауында топ жарған сұлулар

Былтыр «Батыр арулар» байқауына 120-дан астам әскери қыз-келіншек қатысқан болатын. Конкурс нәтижесі бойынша 12 жеңімпаздық есімі анықталып, «Батыр ару» атанған еді. Олардың қатарында Мәдина Аманжолова, Лунара Баймұхаметова, Мария Власова, Салтанат Ғабдоллашева, Баян Жапарова, Гүлзада Қамешова, Айгерім Қаракүшікова, Бота Қорабаева, Әсем Сиқымбаева, Айдай Үсенова және Әлия Хайруллина есімді сұлулар болды.


 Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға