Батыр Бексауыт жамбы атудан күміс жүлдеге ие болды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
11.09.2024 16:01
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Батыр Бексауыт жамбы ату спортының соңғы жарыс күнінде жамбы стилінен күміс жүлде алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған дейін Батыр Бексауыт алтын жүлде алған болатын. Ал Айтбек Сарыбай – күміс, Ералхан Айкөз қола жүлдеге ие болды. Түрік стилінен Ералхан Айкөз алтын жүлде алса, Айтбек Сарыбай қола жүлдені еншіледі. Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті.
Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы бақ сынады.

