Жаңалықтар

«Басын жарамын». Мақпал Жүнісова көпшілікке үндеу жасады

«Басын жарамын». Мақпал Жүнісова көпшілікке үндеу жасады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 05.03.2024 13:00 17618

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалғанын айтып, оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Мұны кімге айтуға болады? Соттасып жүретін уақыт та жоқ, концертке дайындық керек. Осыдан сіздерді тауып алсам!, – деп үндеу жасады Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев жас кезінде әнші Мақпал Жүнісоваға ғашық болып, ән арнағаны туралы айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға