Жаңалықтар

«Басты мақсат – қоршаған ортаның тазалығын сақтау»

Еріктілер жылы аясында құрылған экологиялық жалпыұлттық жоба
«Басты мақсат – қоршаған ортаның тазалығын сақтау»
20.05.2020 18:40 13192

Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді. Біз осы орайда адамдардың қоршаған ортадағы, өзендер мен ормандарды тазарту саласында еріктілер қызметіне тарту, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретуді, экологиялық еріктілер қозғалысымен өзара әрекеттесуді мақсат етіп жұмыс істеп жүрген ұйыммен таныс болдық. Ол жоба экоағартушылық, жануарларды қорғау, көгалдандыру, ормандар мен өзендерді тазарту және экопатрулдер дайындау бағыттары бойынша жұмыс істеп келеді. Ол табиғатты қорғау жолында игілікті іс атқарып келе жатқан «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы. Біз ұйымда жұмыс істеп жүрген еріктілер мен үйлестірушілердің жұмысымен таныс болдық.

DSC05476.jpg

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы 2020 жылы құрылған. Ашылғалы бері жобаның жүзеге асырылуына «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы», Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдау көрсетіп келеді. Жоба жетекшісі – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» болып табылады. Бүгінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсат ететін ұйымның ауқымды жобаларды іске асыру барысында тәжірибесі мол. Ал Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов жобаның амбассадоры болып табылады. Елдос Абақанов жыл басында мемлекет басшысы жариялаған еріктілер жылына орай «Biz birgemiz» жалпыұлттық жоспары аясында экологиялық еріктілікті дамыту бойынша жеке бағыттар бар екенін айтқан еді. Сонымен қатар жоба амбассадоры экологиялық сағаттар бір реттік акция ретінде емес, жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек деп мәлімдеген болатын.

Бүгінде мемлекетімізде экология саласындағы қозғалыстар мен түрлі жобалар бар. Кейбір аймақтардағы оқушылар мен студенттер еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту, энергия үнемдеу мен қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша өз жобаларын ұсынып, өзекті проблеманы шешуге атсалысып келеді.

IMG_7473.jpg

– Еріктілер жылы басталғалы біз онлайн режімде оқушыларға арналған түрлі тренингтер ұйымдастырдық. «Жас Ұлан» ұйымының жанынан ашылған «Jas Ulan Team» оқушылардан құрылған еріктілер тобы Ұлы Отан соғысы кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен солдаттарды іздестірумен айналысады. Сонымен бірге «Жас Ұлан» ұйымы Ұлы жеңістің 75 жылдығы және Абай атамыздың 175 жылдығы мерейтойларына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жоба еріктілері барлық шараларға белсене атсалысады. Және де біздің ұйым «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасын да жүзеге асырып келеді, – деді «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ баспасөз хатшысы Бағлан Саматқызы.

Бүгінде «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасына еріктілерді қабылдау жөнінде ұйымның арнайы инстаграм парақшасында хабарлама жасалған. Ұйым алдағы уақытта жобаға 1000 ерікті тартуды көздеп отыр. Барлық ерікті болғысы келетін жандарды жобаға шақырған ұжым, олардың көптеген мүмкіндіктерге ие болуымен бірге«Үздік ерікті» атана алатындықтары туралы айта кетті.

– «Birgemiz: Taza Alem» жобасы қазіргі таңдағы маңызды экологиялық мәселелерді шешуге арналғандықтан осы жобаны қолға алдық. Экология қазіргі таңда әлем бойынша ең күрделі проблемалардың бірі. Халық арасында экологиялық түсінікті, сананы қалыптастыру, экологияны жақсартуға үгіттеу біздің негізгі міндеттеріміздің бірі деп білеміз. 2019 жылы біздің ұйым Жастар жылы аясында ауқымды экологиялық жобаны жүзеге асырды. Экология мәселесіне келгенде ұйымның тәжірибесі жетерлік деп айтсақ болады, – деді жобаның баспасөз қызметі.

IMG_8216.JPG

Сұхбат барысында ұйым бізбен болашаққа жоспар мен алдағы уақытта жобадан күтетін нәтижелерімен де бөлісті.

Болашақта еріктілер оқытылатын болатын. Бізалдағы уақытта көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде плогингтер, «Құстар ұяшықтары» байқауы, «Бірыңғай іс-әрекеттер күні» акциясы, «EcoCamp» лагері, «ЭкоLife Challege» пен «Қалдықсыз пикник» акциясы бар. Сонымен бірге «Eco-Alem» үстел ойыны, экологиялық жәрмеңке, биопакет өндіру кәсіпорнына саяхат, Үздік еріктілік тәжірибелер жинағы, «Мен Эко-еріктімін» байқауларын ұйымдастырып жүзеге асырғымыз келеді. Адамдарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалап, ағаш отырғызуы және қоқысты сұрыптауға үйрету жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту де біздің негізігі міндетімізге кіреді, – деді ұйым.

Жоба барысында алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде экология саласындағы нақты жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін және еріктілік бастамаларды қолдауға бағытталған кемінде 68 шағын грантты іске асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар,1000 азамат пен еріктілерді тарту және оқыту, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету жөніндегі қызметке тартылған еріктілік пен бастамашыл топтардың қызметін жандандыруды да жоспарлап отыр. Ал жастар арасында эко-еріктілікті насихаттау мен ең үздік тәжірибелер жинағын шығару мен тарату алдағы уақыттың еншісінде.

IMG_7112.jpg

Экологиялық жоба шеңберінде еліміздің Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында эко-еріктілікті қолдау орталықтары ашылған. Сонымен бірге ұйым түрлі іс-шаралар, акциялар, мастер-кластар, қайырымдылық шаралары мен эко викториналар, вебинарлар және экоквестерөткізіліп тұрады.

– Жобасыны жүзеге асыру барысында еліміздің үш қаласында еріктілерді қолдау орталығы ашылды. 22 сәуір – Халықаралық жер күні мерекесіне орай онлайн форматта вебинарлар, мастер-класстар, эковикторина, экоквест ұйымдастырдық. Сонымен қатар, шағын гранттар байқауын жарияладық. Байқауда 68 жеңімпазға жобасын жүзеге асыру үшін 300 000 теңге беріледі. Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс бағы» акциясын бастадық. Акцияға қатысу үшін әр адам үйінің жанына гүл немесе ағаш отырғызып, оны батыр бабаларымызға арнайды. Акцияға Қазақстан бойынша оқушылар белсенді атсалысып жатыр.Еліміздің 17 өңірінде «Birgemiz: Taza Alem» жобасы бойынша үйлестірушілер бар. Қазір сол үйлестірушілерді онлайн оқытып жатырмыз, – деді Бағлан Саматқызы.

 «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасынының еріктілерімен де әңгімелесіп, пікірлерін білуді жөн санадық. Ұйымның мүшесі, Қарағанды облысының еріктісі – Әли Маратов. Жасжеткіншек еріктілікпен ресми түрде бір жылдан астам уақыт айналысып келеді екен. Ал негізінен 8-сыныптан бастап әртүрлі кішігірім іс-шараларға қатысып белсенділік танытып жүргендігін айтты.

Screenshot_20200520_185404.jpg

– Еріктілікпен айналысу өте қызықты да ауқымды істердің бірі. Ол арқылы жаңа білім, жаңа дағдылар әрине жаңа достар табасың. Қиыншылықтар кездеспеді. Тек кез келген жағдайда сабырлықпен, ұқыптылықпен қарау керек екенін түсіндім. Қазіргі кезде мен республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөпірімдер ұйымының Қарағанды қаласы бойынша еріктілер штабының қатарындамын. Біздің ұйымымыздың жетекшісі – Ақбота Болатбекқызы. Ол кісі бізге өзінің энергиясымен, жаңа ойларымен және қызықты жұмыс өткізуімен, әрқашан бізді ынталандыруымен ерікті атануға себепкер болған болған адамдардың бірі. Менің ойымша, еріктілік дегеніміз ол өмір сүру стилі. Себебі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бір рет ерікті болуға бел бусаң, сен мәңгілікке ерікті боласың» деген тұжырыммен толық келісемін. Бүгінгі таңда экологиялық мәселелер адамзаттың басты проблемасына айналды. Ол әрбір адамның мүддесіне тікелей қатысты болуы керек. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Ал қоршаған ортаның ластануы әр түрлі халықтардың ортақ қасіретіне айналды, деді эко ерікті.

Егемен еліміздің, байтақ жеріміздің өсіп-өркендеп, әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы, оның экономикалық даму деңгейіне байланысты болады деп санайтын Али үнемі «Тазалық –денсаулық кепілі» деген халық нақылын естен шығармайды. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне қауіп төндіріп отыр. 

 Өзімнің жеке басыма келетін болсам, мен қарапайым қоқысты сұрыптау, үй жағдайында су және энергия көзін үнемдеп, пластикалық бөтелкелерден және полиэтилен пакеттерден бас тарттым. Біз үлкен жетістіктерге жетуіміз үшін барлығын өзімізден бастауымыз керек», – деп өз пікірін білдірді Қарағандылық эко ерікті Али Маратов.

DSC05489.jpg

Ал көкшетаулық Аида Нұрташева еріктілікпен бір жылдан бері айналысып келеді. Ол ерікті болу үлкен жауапкершілікті қажет екенін айтты. Жұмыс қиын болмағанымен ерікті болу толық бақылаушылықты талап етеді дейді бойжеткен. Аиданың ерікті атанып, табиғатты қорғауына үлес қосуына білім алып жүрген мектебі мен достары себепкер болыпты.

– Еріктілік дегеніміз адамдарға, жануарларға риясыз көмек беру деп ойлаймын. Бүгінгі таңда табиғат ресурстарын тиімсіз қолдану экологиялық дағдарысқа әкеліп соғады. Сондықтан да біз сенбіліктерге шығып, адамдарды табиғатты аялап қорғауға шақырамыз, – деді Аида Нұрташева.

Қоршаған орта мен экологияның жағдайы алаңдатын жастардың бар екені бізді қашанда қуантады. Болашақта өзінің ерекше эко жобасын жасап шығаруды ойластырып жүрген Рүстем Мұстафин қоршаған ортаның тазалығын сақтау жөніндегі жобалар және эко еріктілікпен айналысу өзіне қатты ұнайтындығын айта кетті.

– Оқумен бірге еріктілікті қатар алып жүру оңай емес. Алайда менің еріктілікке қызығушылық танытуыма себепкер болған жетекшім – Ольга Ивановна. Ол кісіегер шын жүрегіңмен қаласаң, өзіңе ұнаған істі қатар алып жүруге болады деп ұғындырды. Негізінен ерікті деген ұғымды әркім әр қалай түсінеді. Ал мен үшін еріктілік ол өз өмірінің бір бөлігін адамдар мен мұқтаж жандарға, табиғатқа көмектесуге арнау болып саналады. Бүгінгі таңдағы ең қиын экологиялық дағдарыстарға ауа мен өзен-көлдердің ластануынан біздің халық зиян шегуде. Ауының ластануы адам денсаулығына кері әсер етеді. Эко еріктінің басты міндетіне қоршаған ортаңды таза ұстау мен табиғатты қорғау кіреді. Мен ағаш отырғызумен, жоба жасаумен айналысып келемін. Жаз айында су мен ауаны тазарту жолында жаһандық ұзақ мерзімді жоба жасауды жоспарлап отымын, – деді ерікті Рүстем Мұстафин.

Screenshot_20200520_185530.jpg

Ұйымда жұмыс істейтін жоба үйлестірушілерінің де орны ерекше. Олар еріктілерге бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отырады. Ақмола облысындағы «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының үйлестірушісі Мансия Ескеева:

– Мен айналамыздағы әсем жасыл желектерді, сұлулығы көз қуантар ағаштарды, сол ортаны мекен еткен аң мен құсты болашақ ұрпаққа қалдырар мұрамыз деп санаймын. Сол үшін қазірден оны қорғай білу, тазалығын сақтауға жас шәкірттерді тәрбилеуді міндет еттім, – дейді.

Жоба карантин уақытында өз жұмысын тоқтатпай, түрлі онлайн үлгідегі вебинарлар, мастер-кластар, эковикториналар, экоквесттер өткізіпті. Сондай-ақ Жеңіс күні мерекесіне орай «Жеңіс бағы» акциясы ұйымдастырылыпты.Бүгінде ұйым еліміздің 17 өңірінде түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Ұйымға ерікті ретінде мүше болып, жобаға қатысқысы келетіндер үшін арнайы қойылатын талаптар жоқ. Сонымен бірге ешқандай жас шектеуі қойылмайды. Ең бастысы экология мәселесіне қызығушылық танытатын барлық азаматтар жобаға қатыса болады.

0000.jpg

– Жақын уақыттағы жариялаған ең маңызды конкурс – шағын гранттар байқауы. Байқауға экологияға қатысты жобасы бар жеке тұлғалар мен бастамашыл топтар қатыса алады. Бүгінде біздің жобаға ұқсас жобалар көптеген елдерде қарқынды дамыған. Елімізде еріктілер мен экологияны байланыстыратын алғашқы жобалардың бірі – «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы болып табылады, – деді Бағлан Саматқызы.

Ұйым сонымен бірге «ЭкоLife Challege» және «EcoCamp» лагерілерін ұйымдастырады. «ЭкоLife Challege»– 21 күн ішінде қатысушылар эко еріктілікке байланысты түрлі тапсырмаларды орындайды. Әрбір тапсырманы орындау кезінде қатысушы әлеуметтік желілерде фотосы бар пост жасайды. Және байқаудың бірегей сипатын көрсетеді. Осылайша, 21 күн ішінде әлеуметтік желіде ресми аккаунттың қатысушылары мен басқа да жазылушылары күн сайын экологиялық мәселелер, оларды шешу жолдары туралы білетін болады, қатысушылардың эко-әдеттері қалыптасады. Үздік қатысушылар эко-сыйлықтармен марапатталады. Бұл жастарды ынталандыру үшін өте тиімді байқау деп есептеймін.

IMG_7055.JPG

– «EcoCamp» лагері – Павлодар облысында 3 күн бойы ұйымдастырылады. Онда тренингтер, эко-белсенділермен кездесулер өтеді. Еріктілер қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікке бағытталған эко еріктілікке оқытылады, – деді ұйымның баспасөз қызметі.

Өзгелердің игілігі үшін қызмет ететін еріктілердің еңбегі біздің қоғам үшін қашанда керек. Көкірегі ояу, талапшыл жастарымыз алдағы уақытта да эко еріктілікті дамытатын болса, қоршаған орта мен экологияның қарым-қатынасы реттеліп,қалдықты сұрыптап тастау, су мен жарықты үнемдеу мәселелері барлық өскелең ұрпақтың басты парызына айналады.

Бөлісу:
(Суреттер:  «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының баспасөз қызметінен алынды) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға