instagram.com/huuhkajat

«Басты матчта Қазақстанмен ойнаймыз деп кім ойлаған»: Финляндия Астанаға келді

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыласы Финляндия құрамасы Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Финляндиямен Еуро-2024-ке іріктеу аясында кездесу өткізеді. Ал матч 7 қыркүйек күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Бұл ойын екі құрама үшін де өте маңызды болып тұр. Себебі екі құраманың еншісінде де 9 ұпайдан бар, дегенмен финдер қосымша көрсеткіштер бойынша Н тобында бірінші орында тұр, одан кейінгі сатыға Қазақстан жайғасқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Huuhkajat (@huuhkajat)

Сондықтан Финляндия орнын сақтап қалу үшін барын салса, Магомед Адиев шәкірттері қарсыластарынан көшбасшылықты тартып алуға тырысып бағады.

Финдердің бас бапкері Маркку Канерва Қазақстанның басымдығын атаған болатын:

Оларда «Астананың» он ойыншысы бар. Ал бұл клуб Конференция лигасында топтық кезеңге шыққан. Олар қиын матчтарда ойнаған, бір-бірін жақсы біледі, тиісінше команда үшін ойнай алады, бұл олардың басымдығы. Бесінші турда басты матчта Қазақстанмен ойнаймыз деп кім ойлаған. Мені таңғалдырды, бірақ соңғы екі жылда олардың деңгейі қатты өсті.