Жаңалықтар

«Бастау» – жас режиссерлердің жаңа мүмкіндігі

Кинофестиваль
31.10.2016 05:49 3920

Таяуда Алматыда VI «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті.

«Бастау» – жас режиссерлердің жаңа мүмкіндігі

Биыл байқауға қатысуға 36 елден 305 өтініш келіп түскен. Байқауда белгілі режиссер, актер, «Оскар» жүлдесінің иегері Владимир Меньшов, Голливудтың қоюшы-операторы Хиро Нарита, британдық жазушы Джаспер Шарп, ресейлік актриса Анна Горшкова, қазақстандық режиссер, продюсер Нұртас Адамбайлар төрелік етті. Ал, студенттік қазылар алқасына Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның өкілдері кірді.

«Бастау» – жас режиссерлердің жаңа мүмкіндігі

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары:

Студенттік қазылар алқасы:

Бас жүлде –  «Фишура», реж. Яго Матео Веласко, Испания

Халықаралық қазылар алқасы:

Ең үздік ер адам рөлі – Александр Колмыков, «Америка внутри», Ресей

Ең үздік әйел адам рөлі – Джианна Гомез, «Охота за светлячками», АҚШ

Ең үздік операторлық жұмыс – Андрей Коваль, «Грустное лицо», Украина

Ең үздік сценарий – Неджин Аминзадех, «Не бойся меня», Иран

Ең үздік анимациялық фильм – «Ты все можешь», реж. Никита Тимощук, Украина

Ең үздік деректі фильм – «Сүйінші», реж. Мәдина Беспаева, Қазақстан

 Ең үздік ойын фильмі – «Я, они и папочка», реж.Саломе Вепхадзе, Грузия

Кинодағы жаңа үні үшін – «Не кусай свои губы», реж. Камилла Әбділдинова, Қазақстан

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Ночные пчелы», реж. Иоанна Карлберг, Швеция

Бас жүлде – «Семья offline», реж. Георгий Поротов, Ресей

«Бастау» – жас режиссерлердің жаңа мүмкіндігі

Шара аясында фестиваль қонақтары шығармашылық кештерге қатысып, өздерінің шеберлік сағаттарын өткізді. Сондай-ақ, фестивальде «Кино, телевидение және жаңа медиа: тіл, технологиялар, модельдер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Халықаралық киномектеп қауымдастығына жаңа мүшелердің қабылдануы туралы меморандумға да қол қойылды.

Ал, фестивальдегі ерекше оқиға деп Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында көрсетілген жас режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» атты қысқаметражды фильмін атауға болады. «Өліара» жақында ғана Кореяда өткен халықаралық Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

«Бастау» – жас режиссерлердің жаңа мүмкіндігі

Көрермендер «Бастаудың» арқасында Владимир Меньшовтың «Зависть Богов», жақында дүние салған ирандық режиссер Аббас Киаростамидің «Забери меня домой» фильмдерін тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» кинофестивалін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясы мен «Tanaris Production» кинокомпаниясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.


Әзірлеген – Айбота ӨТЕУЛІ

Суреттер «Бастаудың» баспасөз қызметінен алынды

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға