Жаңалықтар

Баспана кезегіне тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ғана қойылуы керек – Бектенов

Баспана кезегіне тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ғана қойылуы керек – Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 10.12.2024 10:51 368

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы тізіп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болуы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ал өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев биылғы қаңтар-қараша айларында 16 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 107%-ды құрайтынын айтты.  

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс индустриясы – ел экономикасындағы негізгі салалардың бірі екенін, оның тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымды дамыту және жұмыс орындарын құруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін жаңадан 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойды. Бұл міндет жүйелі негізде және кезең-кезеңімен орындалуы тиіс.

Біз өткен жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын қайта қарадық. Онда азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды іс-шаралар қамтылған. Қазіргі таңда нәтижесі жаман емес. Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді.

Биыл Үкімет аталған секторды одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. Атап айтқанда, Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды. Ол баспанамен қамтамасыз етудің ашық әрі түсінікті жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылып, қаржыландыру көлемі артты, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға