Жаңалықтар

Баскетболдан ерлер арасында Азия кубогы басталады

Қазақстандық баскетболшылар С тобында сынға түседі
Баскетболдан ерлер арасында Азия кубогы басталады
Фото: allbasketball.org 12.07.2022 21:13 1885

Бүгін Индонезия астанасы Джакарта қаласында баскетболдан ерлер арасында Азия Кубогы басталады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Азия кубогы 12-24 шілде аралығында өткізіледі. Қазақстандық баскетболшылар С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Жапония, Иран, Сирия құрамалары.

Ұлттық құрама бүгін Жапониямен шеберлік байқасады. Ал 15 шілдеде Иранмен, 17 шілдеде Сириямен кездеседі.

Ұлттық құрама сапында Шаим Қуанов, Владимир Иванов, Вадим Щербак, Рустам Мырзағалиев, Антон Быков, Роман Марчук, Роберт Пан, Дмитрий Гаврилов, Максим Марчук, Руслан Айтқали, Олег Балашов ел намысын қорғайды.

Азия кубогына қазақстандық баскетболшылар 10-мәрте қатысып отыр.

Азия Кубогы ең алғаш рет 1960 жылы өткізілген. Сары құрлық командалары үшін аса маңызды жарыс болып саналады. Аталған турнир Әлем Кубогы және Олимпиада ойындарына іріктеу жарысы ретінде өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға