Жаңалықтар

Бас ауруын дәрісіз 5 минутта қалай жазуға болады?

Бес мың жылдан бері қытайлықтар қолданып келе жатқан ем-дом
Бас ауруын дәрісіз 5 минутта қалай жазуға болады?
01.10.2019 11:20 159150

Басыңыз ауырып, мазаңызды алды ма? Іше салар дәріңіз жоқ па? Немесе дәріден әбден мезі болған шығарсыз? Ендеше, қытайлықтар бес мың жылдан бері қолданып келе жатқан нүктелі массажға-акупрессураға жүгініңіз...

Акупрессура дегеніміз не?

Ол – Ежелгі Қытайдан келген нүктелі массаж. Оны қолданудың мәні тері астында жасырынып жатқан ерекше меридианды сызықтар арқылы дертке шипа табу. Мұндай меридиандағы нүктелер саны бірнеше мыңға жетіп жығылады. Олардың әрқайсысы организмнің белгілі бір функциясына жауап береді.

Массаж арнайы медициналық білімді талап етпейді, әрі қиын түгі жоқ. Бұл тәсілдің ғалымдар расында пайдалы екеніне көз жеткізген.

Акупрессура нүктелерін қалай уқалаймыз?

Алдымен, ыңғайланып отырып, не шалқалап жатып алыңыз. Ойыңыздағы барлық негативтерді шығарып, өзіңізді еркін ұстаңыз. Бас ауруыңыз, массаж кезінде, не 10-15 минутта өте шығады.

Қытайлықтар:

Алдымен, бас қатты ауырғанда, акупрессура нүктелерін 1-5 минут бойында айналдыра массаж жасайды;

Екіншіден,созылмалы аурулар кезінде ол нүктелерге қатты салмақ салмай, сұқ саусақ не басбармақпен 30 секунд уқалайды;

Үшіншіден, акупрессураны бұрыннан жасап жүргендер болса, сұқ саусақты қатты баса отырып, 3-5 минут бойы массаж жасайды.

Керек болса, бұл тәсілді күніне бірнеше рет қолдана беріңіз. Оның денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ.

合谷 — хэ-гу нүктесі

Қытай медицинасында хэ-гу нүктесі универсалды болып келеді: оны тек бас ауру кезінде ғана емес, тіс сыздағанда, бір нәрсеге назар аудара алмай жатқанда пайдаланса болады. Тек бұл нүктеге аяғы ауыр әйелдер соңғы айында жолай көрмесін, себебі ерте толғаққа алып келуі мүмкін. Хэ-гуді басбармақ не сұқ саусақ арқылы алақанды жыбырлата отырып, уқалау керек.

印堂 — инь-тан нүктесі

Үшінші көздің акупрессура нүктесін ежелгі адамдар болашағын болжау мақсатында да пайдаланған екен. Ол мұрынның екі көз аралығындағы қырында орналасқан. Инь-тан тек бас ауруында емес, көз талғанда, ас қорытуда қиындықтарға тап болғанда, асқазан жарасы кезінде пайдалана береді. Оны басбармақпен, сұқ саусақпен, тіпті сүйекпен уқаласа болады.

攢竹 — цуань-чжу нүктесі

Бұл нүкте қастың басталар тұсында симметриялы орналасқан. Оның көмегіне басыңыз, әсіресе желке тұсыңыз ауырғанда, ұйқысыздық кезінде, тұмауда, көз шаршағанда жүгінсеңіз болады. Цань-чжуды бір уақытта екі қолмен уқалау қажет.

巨髎 —цзюй-ляо нүктесі

Бұл нүктені табуға сізге сурет көмектеспек. Оны бір уақытта екі қолдың сұқ саусағымен немесе басбармағымен уқалау керек. Бірнеше минут жасалған массаж шаршауды басып, тұмау алдындағы ыстықты түсіріп, тіс пен бас ауруын жеңілдетпек.

天柱 — тянь-чжу нүктесі

Басыңыз компьютер алдындағы ұзақ жұмыстан кейін «сынып» бара ма? Мойын омыртқасы дұрыс емес тұрғанда, бұлшықеттер шамадан тыс жұмыс істеуге мәжбүр. Ал оның емін тянь-чжу нүктесі жақсы біледі. Ол мойынның жоғары жағында, омыртқа жотасынан бір сантиметр биікте орналасқан. Жалпы, ол нүктелерге массаж шалқалай жатқанда жасалады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, отырып қолыңызбен басып-басып қалыңыз.

太沖 — тай-чун нүктесі

Бұл нүкте аяқтың үлкен және екінші саусағының орта тұсында орналасқан. Тай-чун бас, табан ауруында, әлсіздікке көмекке келеді. Оны қолмен уқалауға және екінші аяқтың өкшесімен басуға да болады.  

Ең бастысы, массаж аллдында бұл әдістер сіздің ауруыңызды басатынына сеніңіз!!!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға