Жаңалықтар

Бас Прокурор: Кәрім Мәсімов - қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы

Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтылды
Бас Прокурор: Кәрім Мәсімов - қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы
Фото: inform.kz 05.01.2023 14:28 2685

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте қаңтар оқиғасына байланысты өткізілген отырыстан кейін кулуарда журналистер Бас прокурорға: «Бір жыл бойғы тергеу нәтижесі немен аяқталды? Кәрім Мәсімовті қаңтар оқиғасының негізгі ұйымдастырушысы деп айта аламыз ба?» деп сауал қойды.

«Қаңтар оқиғасы бойынша осы уақытқа дейін бірнеше тергеу жұмыстары жүргізілді. Қылмыстық істі тергеу барысында 2 іс сотқа жөнелтілді. Кәрім Мәсімовті қаңтар оқиғасын қолдан ұйымдастырды деп айтуға болады. Сонымен қатар, тағы 18 азамат бұл іске қатысы бар деп танылып отыр. Қазіргі таңда олардың аты-жқндері белгілі. Дегенмен, ол туралы ашып айта алмаймын», - деп жауап берді Берік Асылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға