Жаңалықтар

Бас прокурор балалар арасындағы суицидке қатысты тапсырма берді

Бас прокурор балалар арасындағы суицидке қатысты тапсырма берді
Фото: Бас прокуратура 01.10.2024 11:19 423

Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз, - деді Берік Асылов Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, балалар арасында суицид жасаушылардың орташа жасы 15-17 жасты құрайды. Алайда одан да ерте, яғни 11-13 жастағылар арасында да жағдайлар жиі кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға