Жаңалықтар

Бас Прокуратураға заңбұзушылықтар туралы 25 арыз түсті

Бас Прокуратураға заңбұзушылықтар туралы 25 арыз түсті
Фото: El.kz 19.03.2023 15:46 1065

Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау процесі басталғаннан берін 25 өтініш келіп түскенін айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру рәсімі басталғаннан бері прокуратура органдарына ықтимал заңбұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті. Оның бесеуі Бас прокуратураға келді. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Себебі өтініштерде орын алуы мүмкін заңбұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгітті жүргізгендігі мүмкін екені жөнінде айтылған, - деді ол.

Сондай-ақ, ол 7 өңірдің жергілікті прокуратурасына адамдар тікелей жүгінгенін атады.

Сондықтан тексеру жүргізу жергілікті прокурорларға жолданды. Сондай-ақ, азаматтар бүгін тікелей келесі аумақтық прокуратураларға да жүгініп отыр. Ол – Астана қаласында 4, Алматыда 1, Шымкент қаласында 3, Шығыс Қазақстан облысыда 5, Түркістан облысында 4, Қарағанды, Палводар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың бәрі қазір қаралу сатысында, - деді Азамат Сарғазин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға