Жаңалықтар

Бас прокуратурада балалардың құқықтарын қорғау үшін IT-технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқыланды

Бас прокуратурада балалардың құқықтарын қорғау үшін IT-технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқыланды
Фото: gov.kz 06.09.2023 19:03 778

Бүгін Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам», Бас Прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесте балалар жарақаттануының себептері, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды.

Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды.

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында қолайсыз отбасыларға, көп балалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға іс жүзінде бару қамтамасыз етіледі.

Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқоры біріктірілген «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктерін ұсынылды.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетулерді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар келтірді.

Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайтын болады.

Іс-шара соңында Бас Прокурор Берік Асылов пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға