Эльвира Азимова қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың тізіміне қатысты пікір білдірді
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова ҚР Бас прокуратурасы маңызды Ақпараттық хабарлама жасағандығы туралы facebook парақшасында жазды деп хабарлайды,– El.kz.
«Қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болған азаматтардың тізімі жарияланды. Осы уақытқа дейін кейбір құқық қорғаушылар құқық қорғау органдарына ресми сұрау жіберді. Бұл туралы Әлеуметтік желілерде хабарлады. Бірақ, қылмыстық істерді тергеуге сілтеме жасай отырып, құзыретті орган бас тартты.Біз бұл мәселені Бас прокуратура мен басқа да органдар алдында 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап көтердік. Қазіргі уақытта сындарлы диалогтың және ұсынылған дәлелдерді ашық талқылаудың арқасында біз Бас прокуратура тарапынан шешім қабылдауға қол жеткіздік,– деп жазды Азимова.