Жаңалықтар

Бас прокуратура Талғардағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура Талғардағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.10.2024 10:10 7400

Талғардағы Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне байланысты Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бүгін түнде Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға