Жаңалықтар

Бас прокуратура Самат Әбіштің қайда жүргенін айтты

Бас прокуратура Самат Әбіштің қайда жүргенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр 27.09.2023 15:23 798

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Мен өз басым өтінішті көрмедім. Мен сіздерге егер қандай да бір қылмыстың құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмысты қудалау туралы шешіммен оны жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айналысады. Бізде ондай бірнеше орган бар. Мәселен, Антикор бар, экономикалық тергеу қызметі, ІІМ бар. Егер ақпарат пен қандай да бір дәлел болса, сол органдар шешім қабылдайды. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ, - деді бас прокурордың орынбасары Мәжілістің кулуарында.

Сонымен қатар ол Самат Әбіштің елде екендігін растады.

Самат Әбішке қатысты іс тергеліп жатыр. Басқа ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекске («Тергеу құпиясы») сәйкес жариялауға болмайды. Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхатпен елде, Алматыда немесе Астанада екендігін нақты білмеймін. Қылмыстық іске, оның құқықтық мәртебесіне қатысты хабарым жоқ. Бірақ оған қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша іс қозғалған. Бір бап бойынша ғана, - деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Журналистердің «Самат Әбіш қашып кетеді деп қорықпайсыздар ма?» деген сауалына қатысты ойын айтты. 

Оны тергеу органдары тергеу әрекеттері, сипаттамасына қарай анықтайды. Тергеу органдары Самат Әбіштің өзінің заң бойынша міндеттерін бұзбайтынына сенімді шығар, - деді бас прокурордың орынбасары. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға