Жаңалықтар

Бас прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады

Бас прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: © El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.06.2024 21:19 1084

Бас прокуратура жазғы демалыс кезінде Ресей Федерациясына баратын қазақстандықтар саны артуына байланысты ел азаматтарына көрші елде жаңадан енгізілген заңнаманы тағы да түсіндіріп өтті. Ресейдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес адыраспан (гармала) өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өсімдікті Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның 5 жылға дейінгі кезеңде жалақысы болмаса басқа кірісі мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу  немесе қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал бұл өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді,-делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға