Жаңалықтар

Бас прокуратура QirSabyn телеграм-арнасының авторларын ұстады

Бас прокуратура QirSabyn телеграм-арнасының авторларын ұстады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 20.12.2024 17:50 148

Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасының авторларын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, олар шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсету арқылы ақша бопсалаған.

18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қаупімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды. Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды, - делінген мәліметте.

Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға