Жаңалықтар

Бас прокуратура әйелін өлтірген Бишімбаев ісі туралы маңызды дерек айтты

Бас прокуратура әйелін өлтірген Бишімбаев ісі туралы маңызды дерек айтты
Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев 30.11.2023 15:00 8735

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай бап бойынша іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жандос Өміралиевтің дерегінше, Бишімбаев ісі аса қатыгездікпен кісі өлтіру (Қылмыстық кодекстің 99-бабы) бойынша тергеліп жатыр.

Оның туысы да қылмысты жасырғаны және қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі.

Оның ағасы ма, інісі ме, айта алмаймын, туысы екені анық. Ол сол күні қасында болып, ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға арызданбаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс – зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша тергеу органдары сізге қосымша ақпарат береді, - деді ол.

Бұған дейін экс-министрдің қаза тапқан әйелі Салтанат Нүкенова мен оның өліміне жалғыз күдікті  Қуандық Бишімбаев туралы толығырақ жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға