Жаңалықтар

Бас мүфти ескерту жасады. «Әруақ қолдасын» деп айтуға тыйым салынуы мүмкін

Бас мүфти ескерту жасады. «Әруақ қолдасын» деп айтуға тыйым салынуы мүмкін
Фото: muftyat.kz 11.05.2023 18:44 12201

Қазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі  "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Әруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет деп отыр. 

Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі "Фатиха" деген сөзден шыққан. "Фатиха" сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз, – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы

Сайыста төреші болған Серік Негимов бұл байқаудың ақсақалдарға бата жаттатқызудың тиімді жолына айналғанын мәлімдеді. 

Батада табиғатты, жаратылысты сақтау, экология, адамгершілік барлығы қосылады, – деді Серік Негимов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға