Жаңалықтар

Бас мүфти: Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес

Бас мүфти: Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.10.2023 14:05 11150

Кейінгі кездерде әртүрлі діни ағымдардың қисық уағыздары ұлттық құндылықтарға кері ықпалын тигізуде. Осыған қатысты Бас мүфти Нурызбай қажы Тағанұлы журналистердің қойған сауалына жауап берді, деп хабрлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бас мүфтидің айтуынша ұлттық құндылықтарды сақтау, халыққа дұрыс насихат жұмысын жүргізу ер бірлігі үшін де өте маңызды. Деструктивті діни ағымның алдын алу үшін заңды тетіктер қажет екенін тілге тиек етті. Мұндай ағым ел тұрақтылығына қауіп төндіретін болса, әрине оны міндетті түрде заңмен реттеу қажет екенін айтты. 

Ал домбыраны өзге де дүниені харам деп жүргендерге бас мүфти бұл мәселеге қатысты ҚМДБ бұрында мәлімдеме жасап, мәселе төңірегінде жауап бергенін тілге тиек етті. 

Біз бірнеше рет Пайғамбарымызға арналған Мәуліт іс-шараларын өткіздік. Бұл жерде түгелдей домбыра мен осы ұлттық аспаптармен дініміз насихатталып, Пайғамбарға салауат, Аллаға мадақ айтылып келе жатыр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы 30 жылдан астам уақыт осы бағытта жұмыс жасап келеді. Нақты айтатын болсақ, ҚМДБ-да арнайы дін мен дәстүр бөлімі бар. Сол бөлімдерде ұлттық құндылықтарымызға қатысты насихаттау жұмыстары көрсетілген. Домбыра – харам емес, – деді Бас мүфти. 

Сондай-ақ, ол мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты мәселеге жауап берді. Айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. ҚМДБ бұған қатысты мәлімдеме жасады. Бүгінде қоғамдағы тыныштықты бірінші ойлау қажет деп есептейді.


Мектепте оқитын қазіргі балалар мұғалімдерімен осы мәселені кеңесіп, өз арасында шешкені абзал. Біздің дініміз қыз баласына балиғат жасқа келгенде орамал тағуға рұқсат еткен. Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес, – дейді Бас мүфти Нурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға